ZONGO’DAN KAZAKÇAYA ÇEVİRİ

Zongo’dan birkaç hikâyenin Kazakçaya çevrileceğini öğrendik. İlk olarak kitaptan “Sinek” adlı hikâye çevrildi. Çeviriyi yapan Moğol asıllı Kazak şair/hikâyeci (engimeci) Suragan Rahmetoğlu’na teşekkür ederim.
SİNEK hikayesinin Kazakça çevirisi (Kril alfabesiyle) aşağıdadır.

РЕЖЕП СЕЙХАН (RECEP SEYHAN)
ШІРКЕЙ
Түн ортасынан ауған шақ. Көшелер жым-жырт,тыныш.Үйде тек екеуіміз ғана.Кейбіреулер терезе әйнегіне,енді біреулері есіктің тұтқасына қоныпты. Ал, бір жарымы төбедегі шамның ламбасында.Тіпті біреулері ызыңдап, айналып ұшып жүр. «Әнеу жерде» деді.Не бар онда? Шіркейлер мыңғырылған! Ол нұсқаған жаққа қарадым. Қабырғада ештеңе жоқ!? Оның көргенін мен көре алмадым. «Барып тынық. Ертемен сәресін ішуге келесің!?» Бөлмені кезіп көп жүрдім. Жатсам ба? Кетсем бе?

Шамалы сәттен кейін бәрімізді таңқалдырып ол орнынан ұшып тұрды да бет алды сөйлей жөнелді. Дәлізде арылы, берілі теңселіп кезді.Тысқа шығып төрт доңғалақтыдан алайық па деді!?Аты есімде жоқ.Ұмыттым. Тырыс Османда бар еді ғой?! «Атыбы арбасы ма?» «Иә, соның өзі!» «Маған керегі де сол!» Ол оң қолының сыртымен маған «тысқа кет!» дегендей ишарат білдіргендей. Мен кете бердім. Отыз миуттай уақыт өткенде соңымнан біреу телефон шалды. Атымды атап, «сіз солсыз ба?» деді.
Дәл осы кезде менің манағы қабырғадан көре алмаған жанның елесін дауысынан көріп, танығандай болдым.
24.11.2019

Түркияның Амасия елді мекенінде туған жазушы. Қысқа әңгімелердің шебері. 1979 жылдан бүгінге дейін он шақты кітабы жарық көрген.